Операциялық блок

dsc_0586

Операциялық бөлімше 3-ші блоктың  2, 3  және 4-ші қабаттарында орналасқан. Әрбір қабатта 3-тен ота (операция) жасау залдары бар. Әр қабаттағы ота залдары бір-бірінен әр түрлі түстеріне байланысты ерекшеленеді: 4-ші қабат – көк, 3-ші қабат – қызғылт сары, 2-ші қабат – көгілдір түсті.

oper1

dsc_0570

dsc_0574

Сондай-ақ ота жасау блоктары жоғары жиіліктегі МВС электрокоагуляторлары-мен, ТАҒ-7000FD медициналық сорғымен жабдықталған, оталық залдарға ауа беру және реттеуге арналған ауа құрылғы жүйесі жұмыс жасап тұр, залдар  Сола 500, Сола 700 төбелік медициналық шамдармен қамтылған.

Операциялық бөлімшенің жұмысы тәулік бойы жоспарлы және шұғыл түзімдегі оталарды қамтамасыз ету және өткізу болып табылады. Жұмыс күні ұжымның бес минуттық лездемесінен басталады. Оталық мейіргердің отаға дайындығы.

Оталық залдар қазіргі заманғы бейнеэндоскопиялық, лапароскопиялық бейне-тіреуіштермен және гинекологиялық, урологиялық, хирургиялық, травматологиялық лапароскопиялық оталар жасауға арналған «KARL  STORZ» фирмасының құрал-саймандарымен жабдықталған. Оталау залдарында лапароскопиялық құрал-саймандарды зарарсыздандыруға арналған «ОРИОН» озонаторлары, ота кезінде құрал-саймандар мен шығын материалдарының зарарсыз сақталуына және бір қалыпта ұсталуына арналған ультракүлгін камералары (УФК) тұр.

dsc_0596

dsc_0592

Ота жасау бөлімінің меңгерушісі – Желдибаев Нуркен Мустафаевич