Жалпы хирургия бөлімшесі

Хирургия бөлімшесі Алмалы және Алатау аудандарының тұрғындарына шұғыл хирургиялық көмек, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқы үшін жоспарлы хирургиялық көмек көрсетеді.

Бөлімшеде 43 төсек-орын бар, соның ішінде: жалпы хирургия – 30 төсек-орын; хирургиялық инфекциялар бөлімі – 13 төсек-орын.

Бөлімше меңгерушісі: жоғары санатты хирург-дәрігер Дуйсебеков Максат Кошкарович.

Бөлімше дәрігерлері іш қуысы және кеуде органдарына, эндокриндік органдарға (қалқанша безіне) хирургиялық араласудың кең ауқымын орындайды. Асқазан-ішек жолына және гепатобилиарлық жүйеге реконструктивтік оталар жасайды.

Бөлімшеде гепатопанкреатобилиарлық жүйе ауруларына, сондай-ақ іш және кеуде қуысы іріңіне шағын инвазивті ота жасайды.

Бүгінде клиникада ұйқы безі жылауығына, қалқанша безінің қайталанатын ауруларына түбегейлі оталар енгізілген. Қалқанша безді толық алып тастау (тиреоидэктомия) кеңінен қолданылады. Сонымен қатар алып вентралды жарыққа аллопластикалық, тоқ ішек зақымдануына колопластикалық оталар жүргізіледі.

Бөлімшеде жасалатын оталар:

  • лапароскопиялық холецистэктомия
  • лапароскопиялық герниопластика (жарықты алып тастау)
  • лапароскопиялық эхинококкэктомия
  • лапароскопиялық бауыр кистэктомиясы
  • лапароскопиялық фундопликация
  • лапароскопиялық асқазан және он екі елі ішек перфорацияланған жараларын тігу
  • лапароскопиялық аппендэктомия
  • торакоскопиялық оталар
  • көмекшімен бейнеторакоскопиялық миниторакотомия
  • бауыр гемангиомасыэнуклеациясы
  • паразитарлық емес бауыр жылауығын алып тастау
  • ұйқы безіне дренаж жасау (ұзынша панкреатоеюностомия, цистоеюностомия)
  • Юраш әдісімен трансвентрикулярлық цистогастростомия
  • Хефшнер әдісімен трансдуоденальды цистодуоденостомия
  • холецистэктомия
  • холецистостомия
  •  холедохолитотомия
  •  холедохолитиаз кезінде өт өзектерін сыртқы және ішкі дренаждау
  • өт өзектеріне реконструктивті ота (гепатикоеюностомия)
  • өт өзектеріне шағын инвазивті дренаждау оталары (сыртқы тері арқылы бауырішілік пункциялық дренаждау,   тері арқылы пункциялық холецистостомия)
  • трансдуоденалды папиллосфинктеротомия
  • тиреоидэктомия (струмэктомия)
  • асқазан резекциясы
  • аш ішек резекциясы, тоқ ішек резекциясы
  • оң жақты/сол жақты гемиколэктомия

Заманауи анестезиологиялық және отадан кейінгі емдеу әдістері, жоғары сапалы медициналық жабдық пен білікті мамандардың арқасында бір мезгілде күрделі оталар жасалады. Бұл қайталанған хирургиялық араласуды болдырмауға және жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.