Неврология бөлімшесі

Неврология бөлімшесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға шұғыл түрде және госпитализациялау бюросының порталы арқылы қажетті көмек көрсетеді. Ол аурухана құрылғаннан бері жұмыс істейді және 25 төсек-орынға есептелген.

Медициналық персоналдың жұмысы науқас түскен кезде барлық емдеу-диагностикалық процесс мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылатындай ұйымдастырылған. Көмекші қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді: клиникалық, биохимиялық, токсико-химиялық зертханалар, эндоскопиялық және радиологиялық бөлімшелер, функционалдық диагностика бөлімі. Қажет болған жағдайда реанимация бөлімшесінің жағдайында реаниматологтармен бірлесіп емдеу жүргізіледі. Бөлімше қызметкерлері невропатологияның өзекті мәселелері бойынша түрлі конгрестер мен конференцияларға қатысады, ҚРМУ студенттеріне, интерндерге, резиденттерге дәрістер оқып, семинарлар өткізеді.

Диагностикада электрофизиологиялық және нейровизуалды зерттеулердің заманауи әдістері кеңінен қолданылады. «Қиын» диагноздарды тексеру, егжей-тегжейлі клиникалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі.

Бөлімше меңгерушісі – Балкыбеков Чингис Танирбергенович

Телефон: +7 702 985 5517