Неврология бөлімшесі

Неврология бөлімшесінде орталық және шеткі жүйке жүйесінің ауруы бар науқастарға жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Диагностикалық және емдеу шаралары медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттары мен клиникалық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі. Заманауи диагностикалық әдістер, атап айтқанда, нейровизуализациялық зерттеу әдістері (КТ, МРТ), ми қан тамырларын дуплекс сканерлеу, электроэнцефалография қолданылады.

Емдеу шаралары кешеніне дәрі-дәрмекпен емдеу, физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, нейрореабилитация кіреді.

Неврология бөлімшесінде 24 төсек-орын бар.

Бөлімше меңгерушісі – невролог дәрігер Абдуллаева Лаура Темирбековна.

Бөлімшеде келесі жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеу жүргізіледі:

  • ми қан айналымының бұзылыстары (дисциркуляторлық энцефалопатия, созылмалы ми қан айналымының жеткіліксіздігі);
  • бас аурулары (бас сақинасы, кернеулі бас ауруы);
  • омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық аурулары (остеохондроз, жарық, созылмалы ауырсыну синдромдары);
  • экстрапирамидалық жүйе аурулары (Паркинсон ауруы, Паркинсонизм синдромы);
  • шеткі жүйке жүйесі аурулары (нейропатия, полинейропатия, невралгия);
  • нейробұлшықет аурулары (миастения);
  • демиелинизациялық аурулар (таралған склероз, таралған энцефаломиелит);
  • нейроинфекция, инсульт, бас-ми жарақаттарының салдары.

Барлық емдеу шарасы нақты көрсеткіш бойынша, тәжірибелі дәрігерлердің бақылауымен жүргізіледі. Әр науқасқа жекелей тәсіл қолданылып, дәрі-дәрмекпен емдеу тактикасы мен динамикалық бақылау жеке таңдалады.

Күрделі диагностикалық және емдік жағдайда басқа мамандықтағы дәрігерлер мен ғылыми кафедра мамандары кеңес береді.

Бөлімшенің барлық дәрігері өз саласы бойынша заманауи диагностика және емдеу әдістерін меңгерген сертификатталған мамандар.