Нейрохирургия бөлімшесі

Нейрохирургия бөлімшесінде дәрігерлер Алматы қаласының бекітілген аудандарының тұрғындарына және бүкіл республика аумағынан Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жоспарлы түрде жіберілетін науқастарға тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.

20140922_104453

Бөлімшеде келесі аурулар емделеді:
• бас ми жарақаты
• омыртқа мен жұлынның жіті жарақаты
• геморрагиялық инсульт
• ұйқы артерияларының аурулары
• үш тармақтық жүйке невралгиясы
• жүйке тамырларының шеткі жүйесінің жарақаты
• тізе түнелдік синдромы
• омыртқааралық жарық (омыртқааралық дискі жарығы)
• омыртқа өзегі стенозы
• спондилолистез (омыртқалардың ығысуы)
• омыртқааралық буындардың артрозы (күрделі ауырсыну синдромы)
• омыртқалардың компрессиялық сынуы
• жұлынның жарақат ауруы
• экстрамедуллярлық ісіктер
• интрамедуллярлық ісіктер
• бас ми ісіктері
• Киари мальформациясы
• ми шемені
• омыртқа остеохондрозы және оның салдары

img_2662

Бөлімшеде бас сүйек ішілік гематомаларға, бас сүйек батық сынықтарына, зақымдық ошақтарына, бас сүйек ақауларына пластикалық ота, бас сүйек негізі ми жұлын сұйықтығының ағуын пластикалық жолмен жою, бел деңгейіндегі омыртқааралық жарықты микрохирургиялық жолмен алып тастау, заманауи клапандық шунттау жүйелерін қолдану арқылы ми жұлын сұйықтығының ағуын шунттау, микрохирургиялық невролиз, жүйке тамырларының шеткі жүйесі тігісі оталары жедел және жоспарлы түрде жасалады.

img_2652

Нейрохирургтар ең заманауи құрылғыларды пайдаланады. 2016 жылдың қараша айында «PENTERO 900» операциялық микроскопы сатып алынып, орнатылып, пайдалануға берілді. Өрістің әсерлі тереңдігі, жоғары ажыратымдылығы және микроскоппен жасалған кескіндердің егжей-тегжейлері барлық жағдайда кескіннің тамаша көрінуіне кепілдік береді. Бұл жабдықтың көмегімен ең күрделі операцияларды сәтті орындауға болады.

mikroskop-2

Бөлімше меңгерушісі – Ли Константин Юрьевич
Бірінші санатты нейрохирург