Нейроинсульт орталығы

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2012 жылдың сәуір айында ҚЖШККА-да Инсульт орталығы ашылды.

Төсек сыйымдылығы – 30 бірлік, оның ішінде 3 төсек – реанимация бөлімі.

Уақтылы диагностикалау және мамандандырылған көмек көрсету үшін инсульт орталығы нейрохирургия және компьютерлік томография кабинетімен бір қабатта орналасса, қабылдау бөлімі деңгейінде екінші КТ 32 тілім және МРТ орнатылды, ол тәулік бойы жұмыс істейді. Жедел цереброваскулярлық бұзылыспен ауыратын науқастарды қабылдау кезінде науқастар тікелей КТ, МРТ кабинетіне жеткізіледі. Мұнда оларды невропатолог, сәулелік диагностика дәрігері және пациенттердің жағдайына қарай көп бригадалық жүйенің мамандары (кардиолог, реаниматолог, терапевт, нейрохирург, офтальмолог) тексереді.

Клиника тәулік бойы келесі қызметтерді көрсетеді:

  • КТ сканерлеу;
  • магнитті-резонансты бейнелеу;
  • ангиография;
  • мойын мен бас тамырларына УЗДГ;
  • барлық мүшеге УДЗ;
  • рентгенография;
  • электрокардиография;
  • анализдің барлық түрлері: тромбоциттер саны, СОЭ, OAM, қандағы қант, гликемиялық профиль, мочевина, креатинин, коагулограмма, ВСК, қандағы холестерин, ЛПВП, ЛПНП, триглицеридтер, қан электролиттері, АлаТ, АсаТ, жалпы ақуыз және ақуыз фракциялары, жұлын сұйықтығын зерттеу;
  • ПТР анықтау

Бас дәрігердің орынбасары, мамандандырылған бөлім меңгерушілері және кафедра меңгерушілерімен бірге жансақтау бөліміндегі ауыр науқастарды күнделікті тексеру жүргізіледі. Бөлімше дәрігерлері республикалық және халықаралық конференцияларға белсенді қатысады. Ғылыми мақалалары БАҚ-та шығып тұрады.

Бөлімшеде инсультпен ауыратын науқастар үшін ертерек оңалту әдістері (жаттығу терапиясы, массаж, ИРТ, вертикализация), сонымен қатар кең ауқымды дәрілік және дәрілік емес араласулар сәтті енгізілуде:

  • жеке және топтық физиотерапия жаттығулары;
  • массаж;
  • емдік денешынықтыру;
  • физиотерапия;
  • гипербарикалық оттегі терапиясы;
  • психотерапевттің бақылауы;
  • акупунктура.

Инсульт орталығында инсульт мектебі де бар. Сабақ айына 2 рет өткізіледі.

Бөлімше меңгерушісі – Аяғанова Ләззат Базарбекқызы, жоғары санатты дәрігер.