Клиникалық-диагностикалық зертхана заманауи әдістерді қолдана отырып, жоғары деңгейдегі кешенді зертханалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар кәсіби медициналық қызмет көрсетеді. Бүгінде зертхана Алматы қаласындағы ең ірі зертхананың бірі.
Клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі – Тажиева Элеонора Абжеловна.
Зертхана пациенттерге 120-дан астам зертханалық зерттеу түрін ұсынып, клиникалық зертханалық зерттеудің барлық бағытында жылдам, сенімді және дәл нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл дәрігерге дұрыс диагноз қоюға, қажетті емдеу әдісін таңдауға, аурудың болжамын анықтауға, терапияның тиімділігін бақылауға және алдын алу шараларын жасауға көмектеседі.
Жыл сайын зертхана қызметкерлері жоспарлы және шұғыл тәртіпте миллионнан астам зерттеу жүргізеді.
Орындалылатын зерттеу түрлері:
- Жалпы клиникалық зерттеулер;
- Гематологиялық зерттеулер;
- Иммунохемилюминесценттік зерттеулер;
- Биохимиялық зерттеулер;
- Жедел зерттеулер.
Клиникалық-диагностикалық зертхана зертханалық техника мен аналитикалық технология саласындағы әлемдік жетекші өндірушілердің ең заманауи жабдығымен қамтылған.
Зертханамыздың артықшылығы:
- Зерттеу сапасының белгіленген әдіс пен тиісті нұсқаулықтар талаптарына сай болуы;
- Биоматериалды зерттеу үдерісінің құпиялығы мен объективтілігінің кепілдігі;
- Еңбек ұйымдастыруды жетілдіру және барлық қызметкердің біліктігін арттыру мақсатында біліктікті жоғарылату курсы мен аттестациялардан тұрақты өтуі;
- Жүргізілетін жұмыстың сапасын қамтамасыз ету жүйесін үздіксіз жетілдіру;
- Тұрақты әрі сенімді зерттеу қызметі арқылы зертхананың бәсекеге қабілеттігін арттыру.
Клиникалық-диагностикалық зертхана қарқынды дамып келеді, жыл сайын жаңа заманауи зерттеу әдістері енгізіліп, пациенттерге жоғары сапалы диагностикалық медициналық көмек көрсетіліп жатыр.