Гинекология бөлімшесі әйелдерге шұғыл және жоспарлы гинекологиялық көмек көрсетеді. Көрсетілетін қызметтер көлемі гинекологиялық науқастарға тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсету; жүктіліктің 22-аптасына дейін әр түрлі кезеңінде жүктілікті үзу бойынша медициналық көмек көрсету; әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын консервативті емдеу; бедеулікті емдеу; жүктілікті сақтау терапиясын қамтиды.
Бөлімшеде 30 төсек-орын бар. Қазіргі уақытта мұнда 3 дәрігер және 12 орта және кіші медицина қызметкері жұмыс істейді.
Бөлімше меңгерушісі Бексултанова Алма Кашиноровна – жоғары санатты гинеколог дәрігер.
Бөлімше дәрігерлері:
- Насырова Руфина Асмахуновна – дәрігер гинеколог;
- Орынова Гульмира Сайлавкановна – дәрігер гинеколог;
- Ибрагимова Айжан Муханбеткаликызы – дәрігер гинеколог.
Бөлімше төмендегі гинекологиялық ауруларды емдеумен айналысады:
- Жатыр миомасы;
- Әйел жыныс мүшелерінің эндометриозы;
- Анабез жылауығы;
- Жатыр қосалқылары мен эндометрий полиптерінің қабынуы;
- Эндометрий гиперплазиясы;
- Түсік тастау мен жасанды түсіктен кейінгі асқынулар;
- Жатыр түтіктері, аналық без және жатыр патологиясына байланысты бедеулік;
- Жатыр мойны полипін емдеу.
Бөлімшеде келесі ота түрлері жасалады:
- Етеккір және репродуктивті функцияны сақтай отырып, жатыр миомасының түйіндерін алып тастау (миомэктомия);
- Жамбас ағзаларының төмен түсуі мен түсіп кетуіне толық реконструкция жасау;
- Бедеулікте жатыр түтіктерінің өткізгіштігін анықтау үшін диагностикалық лапароскопия;
- Жатыр, жатыр түтіктері және аналық бездің көлемді түзілісіне оталық лапароскопия;
- Эндометриозды және кіші жамбас ағзаларының жабысқақ үдерісін емдеу;
- Жатырды эндоскопиялық және қынап арқылы алып тастау (гистерэктомия);
- Полип, жатырішілік жабысқақты және қалқаларды алып тастау үшін гистероскопия және диагностикалық қырып тазарту.
Бөлімшеде гинекологиялық ауруды хирургиялық емдеу ерте оңалту шараларын қамтиды, бұл науқастың тезірек қалпына келуіне және отадан кейінгі асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Әрбір пациентке жеке көзқарас пен бөлімшеде қолайлы жағдай жасау жүргізілетін емнің тиімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.