Күндізгі стационар

Күндізгі стационар –медициналық мекеменің тұрғындарға стационар алмастырушы көмегін көрсететін құрылымдық бөлімше. 18 төсекке лайықталған күндізгі стационар, гемодиализ аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Сырқаттарын емдетуде науқастарға да және медициналық қызметкерлерге де уақыт пен ауруханада болу уақытын үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, күндізгі стационар ауруханада ұсынылатын медициналық қызметтердің барлығын да көрсетеді.  Қазақстан тұрғындарының көпшілігі жұмыспен қамтылған және аурудың созылмалылыққа ұласуы мен емдеудің негізгі сәтін өткізіп алуына соқтыратын өз денсаулығына іс жүзінде аз уақыт бөледі. Статистикалық көрсеткіштер бойынша барлық созылмалы аурулар пайда болған ауруларды асқыну кезеңінде емдемей, сонысымен ушығу жағдайларындағы өлімді жағдайларға соқтыратын салдар боп табылады.dsc_0550

Бүйректердің гомеостатикалық қызметтерін алмастыру мақсатында гемодиализді «жасанды бүйрек» аппараты көмегімен жүзеге асырады. Аппарат диализдеуші ерітіндіні дайындау және жіберу, натрий гепаринінің инфузиясына арналған сорғышпен қан айналымының экстракорпоральді нұсқасынан, бір реттік диализатордан тұрады.

Тұрғылықты жерлері бойынша (Алмалы, Алатау аудандары), сондай-ақ Алматы қаласының өзге де аудандарынан диализдік науқастарды тегін қабылдаймыз. Бөлімше диализге арналған су дайындайтын жаңа жүйемен, сонымен қатар арнаулы төсектермен жарақталған. Диализдің, емдәмнің жекелеген тәртіптерін таңдаймыз, уремиялық интоксикацияның, гипергидратацияның, АГ, қаны аздықтың, фосфорлық-кальцийлік алмасулардың бұзылуларының емдерін жүргіземіз. Ақылы негізде Gambro аппаратында гемодиализ ем-шараларын жүзеге асырамыз. Бізде білікті дәрігер нефрологтар мен тәжірибелі мейіргерлер жұмыс жасайды.

Күндізгі стационар базасында келесі аурулар бойынша емдер жүргізіледі:

  • озге де нақтыланған инфекциялық агенттерден пайда болған өкпе қабынуы;
  • стенокардияның өзге де түрлері;
  • мидың шайқалуы;
  • жүрек жетіспеушілігімен (іркілісімен) ұштасқан жүректің басымдықтағы зақымдалуындағы гипертензивті  (гипертониялық) ауру;
  • жүрек жетіспеушілігінсіз (іркілісінсіз) гипертензивті (гипертониялық) ауру;
  • асқынған панкреатит;
  • озге де нақтыланған созылмалы бітелісті өкпе ауруы;
  • озге де транзиторлы церебральды ишемиялық шабуылдар мен олармен байланысты синдромдар;
  • озге де созылмалы тубулоинтерстициальды нефриттер;
  • көптеген асқынуларға ұласқан инсулин тәуелсіз қантты диабет;
  • коздырғышы нақтыланбаған өзге де өкпе қабынуы;
  • асқынған тубулоинтерстициальды нефрит;
  • ми тамырларының өзге де нақтыланған бүлінулері;
  • араласқан демікпе;
  • аллергиялық есекжем;
  • ввертебробазилярлық артериальдық жүйенің синдромы;
  • озге де нақтыланған инфекциялық қоздырғыштармен ұштасқан өкпе қабынуы;
  • көптеген асқынуларға ұласқан инсулин тәуелді қантты диабет;
  • жүрек жетіспеушілігімен (іркілісімен) ұштасқан жүректің және бүйректердің басымдықтағы зақымдалуындағы гипертензивті  (гипертониялық) ауру;
  • созылмалы ишемиялық жүрек ауруының өзге де түрлері;
  • созылмалы обструктивті пиелонефрит;
  • рефлюкспен байланысты обструктивсіз созылмалы пиелонефрит;
  • нақтыланбаған бактериалды өкпе қабынуы; Нақтыланбаған өршумен ұштасқан созылмалы обструктивті өкпе ауруы;
  • жасөспірімдердің ревматоидты сорбуын (артрит);
  • бел-сегізкөздік өрімнің зақымдалуы;
  • шорбуынданған спондилит;
  • созылмалы нефриттік синдром, болымсыз гломерулярлы бұзылулар;
  • ишемиялық кардиомиопатия;
  • нефротикалық синдром, болымсыз гломерулярлы бұзылулар;
  • нақтыланбаған жүрек пен бүйректер зақымдалуының басымдығындағы гипертензиялық  (гипертониялық) ауру.

%d0%b4%d1%812

%d0%b4%d1%813Біздің күндізгі стационарда Сізге қажетті нағыз қол жетімді және ұтымды емдеу мен тексеріс жасайтын жоғары білікті дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлер еңбек етеді. Сонымен қатар, Сіз өзге де мамандардың, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің ішкі аурулар, жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының профессорларының, медицина ғылымдарының кандидаттарының, доценттерінің және қызметкерлерінің кеңесін ала аласыз.

Күндізгі стационарға жатқызылуға төмендегі көрсетілімдер негіз бола алады:

  • амбулаторлық емдеу жүргізуге қарсы көрсетілімдері жоқ, бөлімше меңгерушілерімен және өзге де мамандармен келісім бойынша дәрігерлермен жолданған, емдеудің тиісінше түрін қажет ететін, қанағаттанарлық жағдайдағы науқастар;
  • амбулаторияларда жүргізілген араласулардан (хирургиялық айла-шарғылар мен оталар) соңғы қарқынды емдеу мен медициналық қызметкерлердің қадағалауының қажетті жағдайлары;
  • ауруханаға жатқызылғанға дейінгі кезеңде қарқынды емдеудің шұғыл шарасын алуды қажет ететін ургенттік жағдай;
  • клиникалық сауығуы немесе қарқынды емдеу курсының аяқталуы күндізгі стационардағы ем қабылдаудың аяқталуының сипат-белгілері болып табылады.

Күндізгі стационардың ілтипатты да ізетті қызметкерлері Сіздер үшін қолайлы уақытта, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғандағы күн сайын бірнеше сағат бойы еңбек етеді. Өз емдеуші дәрігеріңізбен ұсынылған тексеріс пен емдеудің толықтай  курсын өте аласыз. Біздің науқастар әрқашанда жоғары білікті медициналық қызметкерлердің бақылауында болады.

Күндізгі стационар меңгерушісі – Мақұлбек Жансая Канабекқызы