Дәріхананың негізгі қызметі мен мақсаткерлігі аурухананың бөлімшелерін ҚР-да қолдануға рұқсат етілген дәрі-дәрмектермен, таңу материалдарымен, тігіс материалдарымен және т.б. үздіксіз қамтамасыз етіп отыру.
Бөлімшелердің инфузиялық ерітінділерді дайындау бойынша жекелеген тапсырыстарына сәйкес айына 3360 құты зарарсыздандырылған ерітінді дайындалады; экстемпоральды зарарсыздандырылмаған дәрі-дәрмек түрлері бойынша айына 2640 құты дайындалады.
Дәріхана штатында: жоғары химиялық білімі бар химик-талдаушы лауазымындағы фармацевт, өзге де 2 фармацевт қызмет етеді. Техникалық қауіпсіздік және санитарлық-залалсыздандыру тәртібі бойынша шаралар өткізіліп тұрады. Ауруханаішілік дәріханалардың қызметін реттеуші бұйрықтарға сәйкес есеп беру-есепке алу құжаттамалары жүргізіледі. Барлық мамандар сертификаттарға, сонымен қатар біліктіліктерін жетілдіру курстарынан өткендігі жөніндегі куәліктерге ие.
Дәріхана меңгерушісі – Жумалина Клара, жоғары санатты фармацевт