Хабарландыру

Хабарландыру

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, мекенжайы: Алматы қаласы, 050012, Қазыбек Би көшесі, 96, анықтама үшін телефон: 8-717-2924307, e-mail: gbsnp@mail.ru Байқау кеңестері 2020 жылдың қыркүйек айының 10-нан бастап басшының (бас дәрігердің) лауазымына орналасуға конкурс өткізеді.

Ұйымдардың негізгі қызметі-медициналық қызмет көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқау кеңесі ұсынылған құжаттардың “Денсаулық сақтау қызметкері лауазымының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген) белгіленген басшылардың (бас дәрігерлердің) лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында және 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттың көшірмесі;
5) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Құжаттарды қабылдау күні конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында (“Вечерняя Алматы”, “Алматы ақшамы” газеттерінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) қосымша ақпарат бере алады.
Байқау кеңесі басшының (бас дәрігердің) лауазымына орналасуға конкурсты «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда №20768 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырады.