1.Анықтама
Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» КМК миссиясы, көрінісі мен құндылықтары стратегиялық корпоративті басқарудың негізін қалайды.
2. Қолдану саласы
Миссия – Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметпен мақұлданған, денсаулық сақтау жүйесін реформалау және дамыту Бағдарламасына сәйкес әзірленген, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының пациентті-бағдарлы басымдылығы стратегиялық мақсатының жиынтығын білдіреді.
Миссия:
– ШЖҚ «ҚЖШККА» КМК-ның даму бағыты мен басымдылығын;
– ШЖҚ «ҚЖШККА» КМК-ның медициналық қызмет нарығындағы орнын;
– ШЖҚ «ҚЖШККА» КМК қызметкерлерінің жетістіктерге жетуін, маңыздылығын, моральдық стимулын;
– пациенттердің қажеттіліктері, мұқтаждықтары мен болжауларына қанағаттануы және назар аударылуын;
– ШЖҚ «ҚЖШККА» КМК әлеуметтік маңыздылығын анықтайды.
Миссияны жүзеге асыру бойынша қызмет ұстанымдарына берілген және келесіні белгілейтін ішкі құжаттар:
– ШЖҚ «ҚЖШККА» КМК менеджементі ретінде аурухананың болашағын көреді;
– ШЖҚ «ҚЖШККА» КМК қай бағытта дамуын;
– пациенттермен қарым-қатынас және қолданылатын емдеу әдістері, технологиясын;
– ШЖҚ «ҚЖШККА» КМК қысқа мерзімді болашақта орын алатын ахуалы.
3. Негізгі ереже
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының миссиясы:
Қызметкерлердің интеллектуалдық потенциалы мен кәсібилігін біріктіру негізінде жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету арқылы халық денсаулығын одан әрі жақсарту, жоғары технологияларды, заманауи жабдықтарды қолдану және пациенттерге барынша қолайлы жағдайды ұсыну.