Жедел жəрдем беру емханасының нейрохирургтері жаңа технологияларды игеріп жатыр Жедел жəрдем беру емханасының дəрігерлері мəскеулік профессор И.Куперман өткізген интраоперациялық мониторинг бойынша мастер-класқа қатысты. Емхана хирургтері күрделі омыртқааралық дисктер грыжасы отасын сəтті жасады. Қазіргі кезде интраоперациялық мониторинг әлемдік стандарт болып табылады. Бұл күрделі процедура дəлдігі жоғары оталар кезінде қажет. Аталған əдіс жүйке жүйесінің бөліктерін бақылауға көмектеседі. Осылайша отадан кейін болуы мүмкін қиындықтардың мүмкіндігі төмендейді.