БІЗ БІРГЕМІЗ!

Қыстың соңғы күндерінің бірінде Алматыдағы «Гоголь», «Эсмеральда» және «Мараканда» мейрамханалары
Қалалық жедел жәрдем ауруханасы қызметкерлеріне дәмді түскі ас ұсынды.
Дәрігерлер үшін жайылған дастарқанда дәмді палау, манты, хинкали, түрлі салат пен нан өнімдері молынан болды.
Аурухананың өз асханасы болғанына қарамастан, дәрігерлер түскі асқа мейрамханалық тағаммен тамақтанып, көңіл сергітіп алды.
Еңбектерін елеу, көңіл мен назар бөлу дәрігерлер үшін қашанда маңызды.
– Осындай қиын жыл бойы бізді емдеп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға өз құрметімізді көрсеткіміз келді. Біз, рестораторлар да Ковидтен зардап шектік. Жұмыс істеуге мүмкіндік туғанда, бірден дәрігерлерге бағаланбас еңбегі үшін қолымыздан келгенше алғыс айтуды жөн көрдік. Егер пайда тапқыңыз келсе, басқаларға көмектесіңіз – бұл өмір сүру және бизнес істеу қағидасы. Біз дәрігерлерге одан әрі де барынша көмектесеміз деп уәде береміз! Ең бастысы, барлығымыз осы қиын кезеңді бірге өткереміз!