Салтанатты жиынды аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев ашты. Ол өз сөзінде Тәуелсіздік еліміз үшін ең басты әрі құнды мерекеге, халқымыздың бірлігінің жарқын символына айналғанын баса айтты.
– Тәуелсіздік жылдары жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында медицинаны айтарлықтай дамытуға мүмкіндіктер берілді. Бүгінгі күні біздің басты міндетіміз – Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайту. Сіздер күнделікті еңбегіңізбен осы ортақ іске өз үлесіңізді қосып жатырсыздар, – деп Алмаз Джувашев марапаттау рәсіміне өтті.
Салтанатты шара барысында аурухана бас дәрігерінің атынан егеменді еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі мен ауруханадағы жемісті еңбегі мен жетістіктері үшін 20 қызметкер «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Тағы 10 қызметкер «Aqniet» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы атынан «Құрмет грамотасына» ие болды. Осы салалық ұйымның атынан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Мағрипа Бопаева мен хирургия бөлімінің медбикесі Дина Пирниязова марапатталды.
– Қазақ елінің төрінде елтаңбасы ілініп, көгінде көк туы желбіреп, кең далада әнұранымыз шырқала берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болғай! – деп түйіндеді аурухана бас дәрігері.