Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Әдетте, гинеколог дәрігерлердің басым көпшілігі әйелдер. Дегенмен арасында ер адамдар да бар.
Максутов Рустам Фархатович – 1 санатты акушер-гинеколог.
Неліктен гинекологияны таңдадыңыз?
Рустам Максутов былай дейді:
– Негізінде мен стоматолог болам деп жоспарлағам. Бірақ Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында резидентурадан өткен кезде, 3-курста, шұғыл гинекология циклында бізді ҚЖШККА-ға тәжірибеден өтуге жіберді. Онда мен Адам деп үлкен әріппен айтуға келетін, жүрегі де үлкен, жаны таза бөлімше меңгерушісі, нағыз дәрігер, кейін менің алғашқы тәлімгерім және менің практикалық қызметім басталғаннан бастап жетекшім болған Амиреева Гаухар Жораханқызымен таныстым. Оның арқасында мен жедел гинекологияға деген қызығушылығымды арттырдым, нәтижесінде мен қазір осындамын.
Рустам Фархатұлы ЖШККА-дағы ең жас бөлімше меңгерушісі, бұл оның әріптестері мен пациенттерінің құрметіне бөленуге кедергі келтірмейді.
Рустам Максутовтың бүгінгі күні жетістіктер тізімі үлкен емес. Бәрі алда.
Бүгінгі күні – ЖШККА гинекология бөлімшесінің меңгерушісі
2019-2020 – ОҚКА дәрігер гинеколог
2017-2019 – ЖШККА дәрігер гинеколог
2014-2017 – Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы – резидентура
2012-2014 – Акушерлік және гинекология, оның ішінде перинатология бойынша интернатура
2007-2012 – Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – жалпы медицина