Біздің ауруханада пациенттердің қауіпсіздігіне және гинекология саласындағы өзекті аспектілерге қатысты маңызды тақырыптарды қамтыған қызметкерлерге арналған кезекті семинар өтті.
Бүгінгі спикерлер:
Жүктіліктің ауыр асқынуы – преэклампсия туралы өз тәжірибесімен және білімімен бөліскен дәрігер-гинеколог Орынова Гүлмира Сайлавқанқызы. Қатысушылар осы жағдайды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін ерте диагностиканың маңызы туралы білді.
«Науқас қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттары» тақырыбында директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Әлімбетов Бағдад Қуанышбекұлы баяндама жасады. Ол біздің тәжірибемізде қауіпсіздіктің жаһандық стандартын енгізу және медициналық мекеме алдында тұрған қиындықтарға дер кезінде жауап беру қажет екенін атап өтті.
Семинар тәжірибе алмасу және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін тамаша алаң. Ол медициналық көмектің сапасын арттыруға және пациенттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетініне сенімдіміз.
Барлық қатысушы мен спикерлерге белсенді қатысуы және нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіреміз!