Бүгін «АМАNАТ» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXІХ конференциясы өтті.
Конференцияда делегаттар саяси Платформа жобасын талқылау, Партияның Алматы қалалық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясына делегаттарды сайлау және Партияның Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша үш мәселе қарады.
«АМАNАТ» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXІХ конференциясына жалпы саны 80 делегат сайланды. Делегаттар құрамы қоғамның, экономиканың әртүрлі салалары, өнеркәсіп және шағын орта кәсіпкерліктің, білім беру, мемлекеттік қызмет, мәдениет, денсаулық сақтау, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қамтыды.
Мандаттық комиссия «АМАNАТ» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXІХ конференциясы делегаттарының өкілеттіктерін бекіту ұсынылды.