Аурухана дәрігерлерімен таныстыруды жалғастырамыз.
Садыхан Ақмарал Талғатқызы
Қабылдау бөлімшесінің дәрігер-невропатологы
Еңбек өтілі – 10 жылдан астам
ҚЖШККА-да 2014 жылдан бастап істейді.
– Менің дәрігер болуымды әкем қалаған. Меніңше, дәрігер, ең біріншіден, мұқият болу керек, жанашыр болу керек. Адам өміріне жауапты болғасын, қателік жібермеуге барынша тырысу керек. Әр түрлі адамдармен жұмыс істейміз. Солардың бәрімен тіл табыса алу, сабыр сақтау – басты нәрселердің бірі деп білемін.
– Біздің ауруханамызда еңбек жолымды неврология бөлімшесінде бастадым, кейін инсульт бөлімінде де істедім. Қазір қабылдау бөлімінде қызмет етемін.
– Жедел жәрдеммен және өздері келген науқастарды қабылдап, қарап, тексеріп, зерттеу жүргізіп, алғашқы диагноз қоямыз, ауруханаға жату-жатпауын анықтаймыз. Науқасты ауруханаға жатқызатын болсақ, ем тағайындаймыз. Ал жатпайтын болса, оны үйге ұсынымдармен жібереміз.
– Невролог жүйке жүйесі бұзылыстарын зерттеп, емдейтін маман. Жиі кездесетін бас диагноздардың бірі жедел ми қан айналымының бұзылуы. Олардың ішінде өте ауыр халде түсетін науқастар да болады. Қабылдау бөлімшесі дәрігерінің ең басты мақсаты – ондай науқастарға тромболизистік емдеуді жасап үлгеру. Себебі бұл терапия алғашқы 6 сағатқа дейін, көп жағдайда алғашқы 3-4 сағатқа дейін көрсетілуі керек. Осыған байланысты науқастардың тез қалпына келіп, сауығып кету ықтималдығы жоғары болады. Егер бұл терапия уақтылы жасалмаса, науқастың жағдайы ауыр халде қалуы және мүгедектікке әкелуі ықтималдығы жоғары. Сондықтан қабылдау бөлімшесі неврологтарының жұмысы зор жауапкершілікті талап етеді.
– 10 жылдық тәжірибемнің ішінде мамандығымды таңдағаныма өкінген кез болмады. Қанша жерден шаршасам да, қанша жерде күрделі кезең болған кездерде де, науқастардың сауығып кеткенін көргенде, науқастардың ризашылығын, қуанышын көрген кезде, қиындықтардың бәрі ұмытылады. Адал іспен айналысамын деп есептеймін, сол себепті дәрігер болғаныма қуаныштымын.
– Үш баланың анасы болғандықтан, бос уақытымды балаларыма арнаймын. Түрлі дәмді тағамдар дайындауды ұнатамын. Оның үстіне спортпен шұғылдануға уақыт бөлуге тырысамын – фитнеспен айналысамын. Сондай-ақ ағылшын тілін меңгеру деңгейін жақсартуды қолға алдым.
– Барша әріптестерімді келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтаймын!