Алматыда «Ми құпиялары. Пәнаралық форум» атты халықаралық конференция өтеді

Алматыда «Ми құпиялары. Пәнаралық форум» атты халықаралық конференция өтеді

2025 жылғы сәуірдің 17-сінде Алматыда «Жүрек пен ми азиялық қоғамы» ҚБ, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы және Республикалық инсульт мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығының бірлесуімен «Ми құпиялары. Пәнаралық форум» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Іс-шараның мақсаты – неврологиялық ауруларды басқару мәселелерін түрлі медициналық салалар тұрғысынан талқылау, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту.

Форум аясында келесі тақырыптар қарастырылады:
– инсульттің бүркемеленген түрлері;
– соматикалық аурулардың жүйке жүйесіне әсері;
– когнитивтік және аффективтік бұзылыстар;
– оңалтудың заманауи тәсілдері;
– амбулаториялық және стационарлық деңгейде емдеу тактикасын таңдау.

Конференция офлайн форматта өтеді. Қатысушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификат (6 сағат) табысталады. Шара жазбасы ashb.mmundus.com сайтында жарияланады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Қабылдау үйі», Құрманғазы көшесі, 44.

Мақсатты аудитория: жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, кардиологтар, эндокринологтар, неврологтар, психиатрлар, реабилитологтар, психологтар және салауатты өмір салты кабинеттерінің қызметкерлері.

Қосымша ақпарат үшін ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:
Құдайбергенова Айгүл Серікқызы,
«Жүрек пен ми азиялық қоғамы» ҚБ президенті
Байланыс телефоны: +7 702 759 99 64
E-mail: aigulsk@mail.ru