Колопроктология және тамыр хирургиясы бөлімшесі

Колопроктология және тамыр хирургиясы бөлімшесі – клиниканың құрылымдық бөлімшесі, ол бейінді мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Бөлімше заманауи емдеу-диагностикалық жабдықпен толық жабдықталған.

Бөлімшеде жоғары білікті дәрігерлер қызмет көрсетеді. Бүгінде мұнда 3 дәрігер және 11 орта және кіші медицина қызметкері жұмыс істейді. Бөлімшеде 21 төсек-орын, соның ішінде  тамыр хирургиясы бейіні бойынша 5 төсек-орын бар.

Бөлімше меңгерушісі – Нуспекова Динара Тулендиевна – медицина ғылымдарының магистрі, PhD, жоғары санатты дәрігер.

Бөлімше дәрігерлері

  • Агибаева Ажар Галымовна – дәрігер колопроктолог;
  • Елеуов Нурсултан Асылханович – дәрігер колопроктолог;
  • Нургалиев Асет Кемелбаевич – тамыр хирургі.

 

Бөлімше келесі ауруларды емдеумен айналысады:

Колопроктологиялық аурулар:

  • Жедел және созылмалы геморрой;
  • Жедел және созылмалы анал жарығы;
  • Жедел парапроктит;
  • Тік ішек жыланкөзі;
  • Эпителийлік құйыишақ жолы;
  • Анал өзегі және перианал аймағы сүйелдері;
  • Ректоцеле;
  • Ректовагиналды жыланкөз;
  • Тік ішек пен тоқ ішек полиптері;
  • Ойық жаралы колит және Крон ауруы;
  • Пресакралді жылауық;
  • Тоқ ішектің дивертикулез ауруы;
  • Тік ішектің түсуі;
  • Анал қысқышының жетіспеушілігі;
  • Тік ішек пен анал өзегінің жарақаттары;
  • Тік ішектегі бөгде заттар;
  • Проктиттер және проктосигмоидиттер.

Тамыр аурулары:

  • Тығындалушы атеросклероз;
  • Тығындалушы эндартериит;
  • Жедел артериялық өтімсіздік;
  • Көктамырдың варикоздық кеңеюі;
  • Беткей көктамыр жүйесінің тромбозы.

 

Бөлімшеде келесі ота түрлері жүргізіледі:

  • Барлық проктологиялық ота, соның ішінде созылмалы геморрой мен анал жарығын радикалды емдеу, аноректалды жыланкөз бен абсцесті жою;
  • Бұт пен жамбас түбінің патологиялары бойынша оталар (ректоцеле, ректовагиналды жыланкөз, анал қысқышының жетіспеушілігі, тік ішектің түсуі);
  • Негізгі артерияларға диагностикалық аортография, ангиография және флебография;
  • Негізгі артерияларға стент қою (аяқ-қол тамырлары);
  • Күретамыр-көктамыр мальформациялары кезінде рентгенэндоваскулярлық эмболизация және беріштеу.

 

Бөлімше қызметкерлері пациенттерге сапалы әрі кәсіби медициналық көмек көрсету үшін үздіксіз білімін жетілдіріп, заманауи емдеу әдістерін қолданады.