Мереке қарсаңында егде адамдар невропатолог, хирург, уролог, терапевт және травматолог мамандардың консультациясын алды. Мұндай салалық мамандар егде адамдарға консультацияны жыл сайын беретінін айтып өту керек. 100 адамға арналған клиникада кәрілік жастағы тұлғаларға геронтологиялық көмек көрсетіледі. Негізінен созылмалы ауруға шалдыққан егде адамдар келген дәрігерлерді қуанышпен қарсы алды. Олардың әрқайсы өз ауруы туралы айтып, салалық мамандардан толық консултация алды. Сондай-ақ Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері пациенттерге лабораториялық зерттеулер мен ЭКГ өткізді.