Травматология бөлімшесінде профессоры қатысуымен «шынтақ өсіндісінің сынықтарының оперативтік емі» тақырыбында мастер класс өтті.

11.05.2017 жылы №1 травматология бөлімшесінде КазМУНО профессоры О.А. Абдуразаковтың қатысуымен «шынтақ өсіндісінің сынықтарының оперативтік емі» тақырыбында мастер класс өтті.

Шынтақ өсіндісінің сынықтары көп жағдайда тікелей жарақат алған жағдайда, яғни шынтаққа құлағанда немесе шынтақтың артқы жағынан соққы алғанда болады.

Шынтақ өсіндісінің сынықтары барлық сынықтардың ішінде 2-3%  және буынішілік сынықтардың 30% құрайды. Шынтақ өсіндісінің  сынығын консервативті емдеу эфективті емес болып табылады.                                                                  Шынтақ өсіндісі сынығына  ота жасудың коптеген тәсілдері бар. Негізінде бұл тәсілдердің барлығы металлоконструкция қоюға бағытталған, бұл оталардан кейін металды алуға қайта ота жасау қажет болады.                                                                                                                                                                  №1 травматология бөлімшесінде КазМУНО профессоры О.А. Абдуразаковпен «шынтақ өсіндісінің сынықтарының оперативтік емі» тақырыбында мастер класс өтті. Бұл оперативтік әдістің артықшылығы ретінде буын беткейі мен шынтақ өсіндісінің кортикальды қабаты арасындағы адаптацияч үшін лавсанның екі еселенген байламын пайдалану болып табылады. Отадан кейінгі имобилизация уақыты 2-3 апта, бұл уақыт шынтақ буынының калпына келуіне қолайлы уақыт болып табылады.

 

cof
dav