Шаруашылық есеп (ақылы) бөлімшесі

Шаруашылық есеп (ақылы) бөлімшесі Алматы қаласының барлық тұрғынына білікті ақылы медициналық көмек көрсетеді. Бөлімше хирургиялық және терапиялық бейіндегі консультациялық және стационарлық медициналық қызметтерді ұсынады.

Бөлімше 40 төсек-орынға есептелген.

Бөлімше меңгерушісі – бірінші санатты дәрігер-колопроктолог, медицина ғылымдарының магистрі

Касенов Бауржан Кабдулович.

Бөлімшеде келесі қызметтер көрсетіледі:

  •  Білікті медициналық көмек көрсетумен пациенттерді қабылдау;
  • Емдеу-диагностикалық іс-шаралары;
  • Check-up бағдарламаларын жүргізу;
  • Көрсеткіштер бойынша клиниканың стационарына госпитализациялау;
  • Келісімшарт негізінде сақтандырылған пациенттерді қабылдау.

 

Ақылы бөлімшеде жалпы хирургия, гинекология, нейрохирургия, урология және травматология бейіндері бойынша барлық түрдегі ота жасалады.

Сондай-ақ ішкі ағзалар (тыныс алу жүйесі, жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек жолы, эндокриндік ағзалар) ауруын кешенді тексеру жүргізіледі.

Бөлімшеде емдеу үшін жайлы жағдай жасалған палаталар қарастырылған:

  • Терапиялық бейіндегі палаталар;
  • Хирургиялық бейіндегі палаталар.

Сонымен бірге пациентке күтім жасайтын адамға арналған палата да қарастырылған.

Бөлімше кең диагностикалық және зертханалық мүмкіндіктерге ие, ал білікті мамандардың тәжірибесі жоғары технологиялық, сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бөлімшеде емдеуді таңдау және түзету, сондай-ақ оңалту процедуралары жүргізіледі. Пациенттің бөлімшеде болу ұзақтығы жеке анықталады.