Біз ЖШККА-да жұмыс істейтінімізді мақтан етеміз!
Жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді. Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері тағы да беделді марапаттарға ие болды. Бұл жолы олар қиын 2020 жылдағы үздік жұмысы үшін Алматы әкімдігінен дипломдармен марапатталды. Атап өтерлік бір жайт, марапатталған әдеттегідей дәрігерлер емес, қабылдау бөлімінің бас медбикесі Гүлзира Боранбаева, статистика бөлімінің бастығы Бибінұр Еспаева және кадрлар бөлімінің бастығы Айжан Алекбаева болды. Неге десеңіз, аурухана – күзетші, лифтер және аспаз, медбикелерден бастап бірінші санатты хирургтарға дейінгі сан алуан мамандар жұмыс істейтін әлем. Олардың әрқайсы аурухананың сағат сияқты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге үлес қосады, ал адамдар мұнда денсаулығын ретке келтіру үшін келеді.
«Шынымды айтсам, мені марапат күтіп тұрғанын білгенде қатты таң қалдым, – деп мойындады кадрлар бөлімінің бастығы Айжан Алекбаева, – бұл мен үшін күтпеген жағдай болды, өйткені біз, көрінбейтін майдан жұмысшылары, әдетте, атала бермейміз. Біз бүкіл карантин бойы демалыссыз жұмыс істедік – адамдарды жалдау қажет болды, біреу кетіп қалды, есеп беру керек, құжаттар жүргізілу керек. Ал қабылдау бөлімінің бас медбикесі Гүлзира Боранбаева, тіпті, бар уақыт бойы алдыңғы қатарда қызмет етті, қабылдау бөлімі ең жауапты және қиын бөлімдердің бірі ғой. Біз марапатталғандардың қатарында болғанымызға өте қуаныштымыз, әрі осындай ауруханада жұмыс істейтінімізді мақтан етеміз.