КӨРІНБЕЙТІН МАЙДАННЫҢ САРБАЗДАРЫ

КӨРІНБЕЙТІН МАЙДАННЫҢ САРБАЗДАРЫ
– Тездете алсаңыз, дәл қазір жасаңыз! Білесіз ғой, оттегі қазір бізге ауадан да қажетірек! – деп Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының әкімшілік-шаруашылық қызметінің инженері Ерғали Қайырбаев телефонмен біреуді көндіріп жатты.
Ауруханаға келіп жатқандар жертөледе орналасқан бұл бөлім мен оның жұмысын көре бермейді. Шаруашылық бөлімшесінің алпысқа жуық қызметкері көрінбейтін майданның сарбаздары деуге келеді. Дегенмен олардың еңбегінсіз аурухана жұмыс істей алмайды. Мұнда бәрі сағат сияқты жұмыс істейді – үнсіз, эмоциясыз, нұсқауларға сәйкес жедел жөндейді, қосады, түзейді, дұрыстайды.
– Біздің мамандар екі, үш, тіпті төрт ауысымда жұмыс істейді, олардың әрқайсысының өз міндеті бар, – дейді еңбекті қорғау инженері Таубай Маханбетов. – Осы қиын жыл ішінде жұмыста бірде-бір күрделі іркілу болған жоқ, өйткені біздің қызметкерлер қай жерде жұмыс істейтінін, кез келген кішігірім қателіктің өзі адамдардың денсаулығына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтқызбай түсінеді. Бастапқыда, әрине, вирусқа байланысты алаңдаушылық болды, бірақ кейін бейімделіп кеттік, ең бастысы – барлық нұсқауларды нақты орындау. Мамандардың бәрі кәсіпқой, сондықтан кез келген солға, оңға жасалған адым олардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін екенін түсінеді. Бір жыл ішінде біз жаңа жағдайларға үйреніп кеттік, қорғаныс құралдарында бір-бірімізді фигураларымыздан, көздерімізден танып білуді үйрендік.
Мамандар қорғаныс киімдерін киіп қызыл аймақтағы сымдарды жөндеуді, құбырларды тазартады, крандарды ауыстырады. Киіну процесі – бұл күрделі рәсім, бір ауысым ішінде екі келіге дейін тайтаймыз дейді. Бірақ бұл қазіргі уақыт шындығы, әйтеуір, әзіл мен жанашырлық сезімі құтқарады. Шаруашылық бөлімінің барлық қызметкерлері позитивті, көңілді.
– Енді әзіл-қалжыңсыз бола ма?! – деп күлімсіреді кір жуу бөлімінің бастығы Күнсұлу Уразимбетова, – Ең бастысы, деніміз сау және палатадағыларға көмектесе аламыз, өйткені біз қамтамасыз ететін жайлылық тез сауығуға өз үлесін қосады.
Мұнымен дауласа алмаймыз. Айтпақшы, бір ауысымда 500 килограмға дейін кір жуылып, кептіріліп, үтіктеледі. Міне, көрінбейтін, бірақ сондай қажет әкімшілік-шаруашылық бөлім қызметкерлерінің жұмысы осындай.