Алматы қаласы ҚДБ ЖШККА көпбалалы қызметкерлеріне тәтті сыйлықтар тарту етті
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының көпбалалы қызметкерлеріне 204 тәтті сыйлық табыс етті.
ЖШККА-да барлығы 50 көпбалалы қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 3 «Күміс алқа» иегері бар. Ал жеті баласы бар травматология бөлімшесінің шаруабикесі Атеева Бақытгүл Омарқызы «Алтын алқа» иегері.
– Сыйлық деген адамның сізге деген көңілі, сыйластығы. Сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі ғой. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасына осындай ілтипат танытып, ұмытпағандары үшін ризашылығым шексіз, рақмет! – дейді Бақытгүл Әтеева.
Көпбалалы қызметкерлердің ең көп саны әкімшілік-шаруашылық бөлімде – 11.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдіреміз!