Халықаралық денсаулық сақтау қызметін жаппай қамту күні
2012 жылы желтоқсанның 12-сінде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясы «Әлем тұрғындарының денсаулығы және сыртқы саясаты» туралы қарар қабылдады. Атаулы күн осыған орай бекітілген.
COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесін зор сынақтан өткізді. Бұл ауыр сабақ жаңа емес, ал қорқыныш пен теңсіздік пандемияға дейін зардап шеккен миллиондаған адамның күнделікті шындығын бейнелейтіні әрі дағдарыстың ауқымдылығы денсаулықты жаппай қамтудың шұғыл қажеттілігін көрсетті.
Халықты медициналық көмекпен жаппай қамту және сапалы медициналық көмектің қолжетімдігі адамның физикалық және психикалық денсаулығын, әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді.