Қазанның 2-сі – Дүниежүзілік уролог күні
Уролог дәрігерлердің құзыретіне бүйрек, қуық қабынуы, несеп тас ауруы, қуықасты безінің ісігі, бүйрек ісігі, бүйрек кистасы, бүйрек-несеп жүйесінде кездесетін аурулар, бүйрек үсті бездерінің және де басқа патологияларды емдеу жатады. Урология осы топтағы аурулардың себептерін, оларды емдеу мен алдын алу әдістерін зерттейді және хирургия, гинекология, нефрология, венерологиямен тығыз байланысты.
Уролог әріптестерімізді бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, жұмыста табыс, отбасыларына амандық, мол бақыт тілейміз!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы