#ЖШККА жас мамандары
Баудунов Руслан Кахарманович
дәрігер-травматолог
еңбек өтілі – 3 жыл
– Менің ата-анам, анам да, әкем де, медицина қызметкерлері. Анам – педиатр, әкем – терапевт. Олар зейнетке шыққанша Алматы облысындағы аудандық амбулаторияда дәрігер болып жұмыс істеді. Сондықтан менің бала кезімнен дәрігер болғым келгені таңқаларлық нәрсе емес. Мен тіпті басқа мамандықты қарастырған да жоқпын, – дейді Руслан Кахарманович.
– 3-курстан кейін №7 Қалалық клиникалық ауруханада, кейін Орталық қалалық клиникалық ауруханада мейіргер болып жұмыс істедім.
– Резидентура Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы №1 травматология бөлімшесінде өтті, куратор м.ғ.к. Тажимуратов Нурахим Калыйевич болды. Маған мұндағы ұжым өте ұнады, содан осы жерде жұмыс істегім келеді деп шештім. 2018 жылдан бастап Владимир Геральдович Семеновтың басшылығымен осында жұмыс істеймін, соған өте қуаныштымын.
– Мен негізінен аяқ-қолға ота жасаймын. Бізді студент кезімізден өз-өзімізді басқарып ұстауға үйретеді. Қандай да бір медициналық көмекті қажет ететін науқас түскен кезде, эмоцияға уақыт болмайды, өйткені менің басымда бір ғана ой бар – гауқасқа көмектесу, өз жұмысымды жақсы орындау. Менің жұмысымдағы ең маңызды нәрсе – жұмысымның нәтижесін көру. Пациенттер ауыр сырқаттармен түсіп, күйік, сырқат-сынықтардан емделіп шыққаны қуантпай қоймайды, – деп түйіндейді жас дәрігер-травматолог.