Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Есенбеков Нұрхат Бақытұлы
ЖШККА хирургия бөлімшесінің 1 санатты хирургі
Еңбек өтілі – 10 жыл
COVID-19 індеті кезінде жанқиярлық ерлік пен қайырымдылық көрсеткені үшін –
«Халық алғысы» медалімен марапатталған (2020)
Еңбек жолын 7 қалалық клиникалық ауруханада мейіргер болып бастаған, кейін сонда ақылы хирургия бөлімшесінде, қабылдау бөлімінде хирург болып жұмыс істеген.
ЖШККА-да 2017 жылдан бастап жұмыс істейді.
– Медицинаны таңдауыма отбасым әсер еткені сөзсіз. Анам ауылда стоматология бөлімшесінде медбике болса, әкем ауылдағы жедел жәрдемде жүргізуші қызметін атқарады. Оның үстіне әкем 30 жасынан қант диабетімен ауырған. Бұл менің медицинаны таңдауымның себебі болды. Әкемді емдегім келді, – дейді Нұрхат Бақытұлы. – Әпкем де медицина саласында қызмет етеді.
– Ал хирургия саласына мені тартқан профессор, м.ғ.к. Бекішев Бақтияр Мырзашұлы. Негізі хирургия медицина саласында элита саналады ғой, ең мықты мамандық. Сондықтан о бастан осы мамандықты таңдадым.
– Осы уақытқа дейін өзімнің 4 ұстазымды атап өткім келеді: марқұм профессор Қыжыров Жанбай Налтайханович, академик-профессор Баймаханов Болатбек Бимендеевич, Ибекенов Оңласын Төлегенович және Бекішев Бақтияр Мырзашұлы. Осы ұстаздарыма шексіз алғысымды білдіремін.
– Жас маман
хирургтарға айтарым – ең бірінші, бұл жерде білім керек, көп оқу керек. Мұнда ұстаздардың рөлі ерекше. Жеке өзіңізде тәртіп пен тиянақтылық болу керек. Хирургия саласында қашанда «жартылай соғыс» жағдай орын алады ғой…