Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Бердалина Гүлнар Садырбекқызы
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі
Жоғары санатты дәрігер-анестезиолог
Медицина ғылымдарының кандидаты
Еңбек өтілі – 36 жыл
Марапаттары:
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
«Алтын дәрігер» медалі
«Шапағат» медалі
Анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесі тәулік бойы анестезиялық және реанимациялық көмек көрсетеді. Күн сайын бөлімше дәрігерлері кем дегенде 50 жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласу кезінде анестезияны қамтамасыз етеді.
Анестезиолог-реаниматологтар жиі шұғыл жағдайларға тап болады, сондықтан олар үшін тез арада дұрыс шешім қабылдау өте маңызды. Сондай-ақ оларға төзімділік пен байсалдылық қажет.
– Дәрігер болу мен үшін:
ол науқастың күлімсірегені және оның жақындарының бақытқа толы көздері,
әріптестерімнің қолдауы,
жауапкершілік пен жанқиярлық,
өз-өзіңді құрметтеу,- дейді Гүлнар Садырбекқызы.
Бөлімшеде 12 төсек-орны бар, мұнда 18 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. Дәрігерлердің санаттылығы – 84%.
Бөлімшеде 32 медбике қызмет етеді.
Орта медицина қызметкерлерінің санаттылығы 90%-ды құрайды, бұл бөлімшенің жоғары білікті кадрлық әлеуетін растайды.