Марапаттар өз иелерін тапты
Бүгін карантин кезеңінде қызыл аймақта жұмыс істеген Алматы дәрігерлеріне «Халық алқысы» медальдары табысталды. Мемлекеттік «Халық алғысы» сыйлығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы маусымның 8-індегі Жарлығына сәйкес COVID-19-ға қарсы күрескендер, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында ерекше көзге түскендерге тағайындалды. Осы медальді алғандардың арасында Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері де болды.