Медбике болып істегеніме 35 жыл!
Алматы көшелерінде пандемия кезінде жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің портреттерін бағалап үлгердіңдер ме? Ал олардың өздері әлі көріп те үлгерген жоқ, уақыты жоқ. Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының №1 травматология бөлімінің медбикесі Бақтыгүл Алмасова да жұмыс пен кезекшілік ауысым арасында жүгіріп жүр. Бірақ метрода суреттті көрген туыстарынан, достарынан және әріптестерінен құттықтаулар қабылдап жатыр. Бүкіл карантин бойы, наурыздан бастап, ЖШККА-да ашылған провизорлық орталықта жұмыс істеді. – Маған қызыл аймақта жұмыс істеуге ұсыныс түскен кезде, мен шынымды айтсам, бірден келісім бердім. Мен үшін бұл әдеттегідей кедейшілік ауысым іспеттес болды, жұмыс істеу керек болса, істеймін деп шештім. Бүкіл әлем қиындықтарға тап болды, мен қалай үйде отырамын?
Иә, бұл оңай болған жоқ, күніне үш рет арнайы костюмді киіп, түскі асқа ғана шығып отырдық, науқастарға қарадық, оларды моральдық тұрғыдан қолдап отырдық, жыладық, түрлі жағдайлар болды, адамдар өліп жатты. Бірақ менің мамандығым – науқастарға көмектесу, мен бала кезімнен дәрігер болғым келді, отбасымызда жалғыз қыз болдым. Мен медицинада 35 жыл, ЖШККА-да 2013 жылдан бері жұмыс істеймін.
Бақытгүл Алмасова барлық қазақстандықтарға ең алдымен денсаулық тілейді, бұл қазір бұрынғыдан да маңызды. Және өздеріңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасауды сұрайды. Кім-кім, ал ол Ковидтің не екенін біледі ғой!