Медицина қызметкері күні қарсаңында барлық әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтағым келеді.
Бұл мерекені 1980 жылдан бері атап өтудеміз. Өкінішке орай, биылғы жылы бір бірімізді бұрынғыдай құттықтау мүмкіндігі келмей отыр, бұл жыл тек бізге ғана емес, сондай-ақ, ғаламшарымыздағы барлық медицина қызметкерлері үшін ауыр тиді. Алматы қаласының Шұғыл жедел жәрдем ауруханасы 16 наурыздан бастап 2 ай аралығында Covid-19 пандемиясына байланысты провизорлық стационар түрінде жұмыс жасады. 25 мамырда біз өзіміздің қарапайым режиміміз бойынша жұмысымызға оралдық, шынын айта керек, жұмыс жүктемесі де мол болды, Алмалы, Алатау және Медеу аудандарынан басқа ең ірі болып саналатын Бостандық ауданының тұрғындарына да медициналық қызмет көрсетеміз. Науқастардың көбісі осыны күткендей, басқа ауруханаларға бармаған, себебі, біздің ауруханада дербес емделу үшін келетін Крючков, Семенов, Бекишев, Аяғанова секілді жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді. ШЖЖА әрдайым дәрігерлердің шеберханасы болып саналған, мұнда тіпті қазіргі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің кәсіби мамандық белестерін бастаған. Карантин кезінде біздің мамандарды бірінші қатарға тартқан, бас дәрігердің орынбасары Мағаз Мұқашев жаңа модульді аурухананы басқарды. Қазіргі күні карантинді алғаннан бері бізге жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен, күретамырлы қысымның көтерілуімен, ми қан айналымының жіті бұзушылығымен ауратындар келіп түсуде. Адам буынын ауыстыру бойынша мұнда күніне 10-12 операция жасалады. Шұғыл жедел жәрдем ауруханасында Алматы қаласында жалғыз болып табылатын, республикалық орталыққа жататын токсикология бөлімшесі жұмыс жасайды, онда химиялық және тұрмыстық заттармен уланғандар келіп түседі. Құлаған ұшақтан 200 жолаушыны бір күнде әкелген кндер карантин болмаған кезде болған. Ұжымның барлығы, тіпті Мен де қонақүйде тұрдым. Бізді тамақпен қамтығаны бір игі. Шамамен 200 мейірбике әйелдер педагогикалық университетінің жатақханасында тұрды. Қазір де дербес қорғау құралын кию арқылы қызмет атқарған өте қиын. Дегенмен, өз кәсібімізді өзіміз таңдадық және оңай күндердің болмауына да дайын болғанбыз. Барлық әріптестеріме сабырлық, күш және ұстамдылық тілеймін. Қатерлі ауруды тек бірге жеңеміз!