ЖАБЫҚ ӘҢГІМЕ ЖАЙЛЫ АШЫҚ АЙТУ 

Бүгін Алматы қаласының жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында бейінді мамандар – эндоскописттер мен морфологтардың конференциясы ашылды. Олар ішек-қарынды диагностикалаумен айналысады. Бұл тақырыпқа ашық сөйлесуге болмайды, сонда да ішек-қарынның қабынуымен жастар азап шегеді, және дәрігерлерге аурушаңдық өршіген кезде келеді кездесуге қатысушылар да ішек-қарын қабынуы туралы бізде аз зерттелген, оларды, әсіресе емханаларда нашар диагностикалайды.
– Қазақстанда мұндай аурушаңдықпен 8 мың адам зардап шегуде, олар сирек кездессе де айтарлықтай күрделі аурушаңдық – деп айтты медицина ғылымының докторы Александр Нерсесов. – Дегенмен, бұл мәліметтер нашар диагностика мен тіркелімі болмаған себептен үлкен мәселе емес деп ойлаймын. Ең басты мәселе, ішек-қарын қабынуы ауруымен еңбек ету қабілеті бар халық, яғни, жастар, олар үнемі қан кетсе де жүре береді, оларда диарея, осы мәселе үшін психикалық тұрғыда тұрақтылық жоқ. Өткенде ғана біз кең көлемде тексеріс жүргіздік, онда 115 мың қатысып, оның барлығына: нәжісіңіздің құрамында қан болдыма, ішіңіз өтті ме, дене қызуы, салмағыңыздың түсуі секілді қарапайым сұрақ қойдық, артынан кәдімгі тестпен тексеруді жалғастырдық. Тексерістен өткен 115 адамның арасынан 130 мың науқас алғашқы диагнозбен анықталды. Яғни, адамдар ауырған және өздерінің ішек-қарын қабынуымен ауырғандарын сезбеген. Бұл аурушаңдықтың себебін профессор генетика, тағамдану, стресс, антибиотиктерді, биологиялық белсенді қоспаларды еш бақылаусыз қабылдау, иммундық аурушаңды деп атап өтті. Ал, егер нәжісте қан болса, ішіңіз өтсе, ішіңіз ауырса, салмағыңыз төмендесе, дене қызуы болса міндетті түрде гастроэнтеролог, проктолог, морфолог сияқты мамандарға көмекке бару қажет.