Терапия бөлімшесі ішкі органдардың түрлі аурулары бар науқастарға тәулік бойы мамандандырылған емдік-диагностикалық көмек көрсетеді. Науқастарды госпитализациялау жедел және жоспарлы түрде жүргізіледі.
Бөлімше тыныс алу органдарының ауруларын (пневмония, созылмалы бронхит), ас қорыту патологияларын (созылмалы гепатит, бауыр циррозы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы) және басқа да көптеген ауруларды анықтау және емдеу бойынша тексерулердің толық кешенін жүргізеді.
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №2 интернатура және ординатура кафедрасы үшін бөлімше клиникалық база болып табылады.
Кафедраның профессорлары, доценттері және ассистенттері жоспарлы және шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған науқастарға кеңес береді және оларға жетекшілік етеді.
Кафедра меңгерушісі, доценттер мен ассистенттер тұрақты түрде ауыр науқастарға клиникалық тексеру мен консультациялар жүргізеді, аурухананың медициналық қызметкерлеріне әдістемелік және ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізеді.
Бөлімше меңгерушісі – Мұхамбетова Райхан Өтепқызы
Жоғары санатты терапевт, денсаулық магистрі
Жалпы еңбек өтілі – 24 жыл
2020 жылы Covid-19 індетіне қарсы күрестегі жемісті еңбегі үшін мемлекеттік награда – «Халық алғысы» медалімен;
2021 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»төсбелгісімен марапатталған.