Гинекологиялық бөлімшесі

ҚЖШККА гинекология бөлімшесі 40 төсек-орынға есептелген. Дәрігерлер Алматы қаласының бекітілген аудандарының тұрғындарына және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағынан Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жоспарлы түрде жіберілген науқастарға тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.

img_2730

Бөлімшеде жылына1500-ден астам түрлі ота жасалады. Бөлімше тәжірибесінде лапароскопиялық және лапаротомиялық операциялар келесі гинекологиялық патология түрлеріне кеңінен қолданылады:
• жатыр миомасы (миома түйіндерін алып тастау, гистерэктомия);
• жыныс мүшелерінің эндометриозы;
• қосалқылардағы мүшелерді сақтау операциялары;
• бедеулік кезінде (жабысқан жерлерді жою және жатыр түтіктерінің өткізгіштігін қалпына келтіру);
• гистероскопия, гистерорсектоскопия;
• әйел жыныс мүшелерінің түсуі кезінде пластикалық оталар.

img_2723

Операциядан кейінгі кезеңде науқастар физиотерапия және оңалту шараларының бүкіл кешенінен өтеді: гипербарикалық оксигенация (қысым камерасы), электрофорез, плазмаферез, инемен емдеу.

img_2741

img_2716

Күндізгі стационарда амбулаториялық негізде келесі емдеу-диагностикалық шаралар жүргізіледі:
• әр түрлі гинекологиялық ауруларды консервативті емдеу;
• жатыр түтіктерінің өткізгіштігін рентгендік зерттеу;
• кольпоскопия және жатыр мойны ауруларын емдеу;
• эндометриозға зертханалық диагностика (құрылымдық-оптикалық талдау).

img_2735

Бөлімше №2 акушерлік және гинекология кафедрасының базасы және Асфендияров атындағы ҚазҰМУ акушерия және гинекология бойынша интернатура және резидентура кафедрасының базасы болып табылады.

img_7306

Бөлімше меңгерушісі –

Бексултанова Алма Кашиноркызы –

Телефон: +7 701 571 19 38