Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) – Қазақстанда тізе және жамбас буындарын эндопротездеуге арналған роботталған STRYKER MAKO жүйесі енгізілген алғашқы клиниканың бірі.
Бұған дейін тек АҚШ, Еуропа және Азияның жетекші клиникаларында қолданылған бұл технология бүгінде ортопед-хирург Сағит Махановтың жетекшілігімен Қазақстанда да қолжетімді.
Сағит Маханов – жоғары санатты ортопед-хирург, денсаулық сақтау магистрі, Алматы ҚЖШККА травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі.
Дәрігер Сағит Маханов тізе және жамбас буындарын эндопротездеуге маманданған. Ол Қазақстанда алғашқылардың бірі болып осы операцияларды Stryker Mako роботтандырылған жүйесінің көмегімен жүргізе бастады.
STRYKER Mako роботы деген не және оның маңызы
Stryker Mako – америкалық Stryker компаниясының роботтандырылған хирургиялық жүйесі, бүгінде ортопедиядағы әлемдік стандарттың бірі.
Қазір бұл технология АҚШ, Еуропа, Жапония және Оңтүстік Кореяның жетекші клиникаларында қолданылады.
Әлемнің 45 елінде 2 000 000-нан астам операция жасалған.
500-ден астам ғылыми жариялыным оның тиімдігін дәлелдейді.
Бұл жүйенің дәстүрлі операциядан басты айырмашылығы – операцияның жасалу тәсілінде.
Операцияға дейін КТ-суреттер негізінде нақты үшөлшемді (3D) буын моделі жасалады. Хирург алдын ала сүйек құрылымын, импланттың ең тиімді орналасуын, орнату бұрышын толық көреді. Яғни есептеудің бәрі99,9% дәлділікпен жасалынады.
Операция барысында AccuStop жүйесі хирургиялық құралдың әр қозғалысын бақылап, белгіленген аймақтан шығуға жол бермейді. Дәлдік – миллиметрге дейін.
Нәтижесінде тілік кішірек болады, айналадағы тіндер аз зақымдалады, операциядан кейінгі ауырсыну аз болады, қалпына келу айтарлықтай жылдамырақ өтеді.
ҚЖШККА заманауи операциялық блокпен, реанимация бөлімшесімен және толыққанды операциядан кейінгі бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Пациенттер операцияға дайындықтан бастап, толық жазылып шыққанға дейін мамандардың бақылауында болады.
Пациент КТ тексеруден өтеді, соның негізінде Mako жүйесі буынның жеке 3D-моделін жасайды. Дәрігер Маханов оны мұқият зерттеп, операцияның әр қадамын жоспарлайды және бұл жоспарды консультация кезінде пациентпен талқылайды. Операцияның өзі шамамен 1 сағатқа созылады. Тілік дәстүрлі эндопротездеумен салыстырғанда әлдеқайда кішірек болады.
Дәрігер Махановқа көбінесе тізе және жамбас буындарының II–IV дәрежелі артрозы бар пациенттер жүгінеді. Сондай-ақ бұрын эндопротездеу жасатып, бірақ ауырсыну сақталған және ревизиялық операцияны қажет ететін науқастар да келеді. Операция жасау мүмкіндігі әр пациентке жеке, толық тексеру нәтижесіне және жалпы денсаулық жағдайына қарай шешіледі.
Дәрігер Махановтың пациенттері көбінесе жылдар бойы ауырсынуға шыдап, операциядан қорқып жүреді. Сонында операцияға бел буып, жақсы нәтиже көргеннен кейін: «Жылдар бойы ауырсындуы шыдамай, ертерек операция жасатуға шешім қабылдауым керек еді», –деп өкініп жатады.


