Нейрохирург күні құтты болсын!
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирург дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтайды!
Нейрохирургия – аса жоғары дәлдікті, терең білімді және үлкен жауапкершілікті талап ететін медицина саласының бірі. Сіздердің еңбегіңіздің арқасында талай жанның өмірі сақталып, денсаулығы қалпына келіп жатыр.
Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли бастаған барлық маманға кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, әр шешімде сенімдік, кәсіби жетістік пен амандық тілейміз!
Құрметпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы
