Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының мақтанышы – Айнагүл Берік!

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының мақтанышы – Айнагүл Берік!
2026 жылғы сәуірдің 11-12 аралығында Самбо бойынша әлем кубогы 2026 аясында (Армения, Ереван) өткен дүбірлі додада 22 елден жиналған 570 спортшы өзара мықтыны анықтады.
Аталған жарыста зағип жандар арасындағы әйелдер самбосы бойынша 59 кг салмақ дәрежесінде Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкері, білікті медбике Айнагүл Берік қола жүлдені иеленді.
Айнагүл – тек медицина саласының үздігі ғана емес, сонымен қатар жоғары жетістіктер спортының да жарқын өкілі.
Бұған дейін де ол халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап келді. Атап айтқанда, 2025 жылғы мамырдың 3-11 аралығында Үндістанның Дели қаласында өткен Азия және Параазия чемпионаттарында қол күресінен екі бірдей алтын медаль жеңіп алған болатын.
Бұл жетістік – оның табандылығының, қажырлы еңбегінің, қайсар мінезі мен өз ісіне деген адалдығының айқын дәлелі.
Айнагүл Берік – біздің ұжымның ғана емес, барша қазақстандықтар үшін үлгі боларлық тұлға!
Айнагүл, сізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Құрметпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы