Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында көпжарақатқа шалдыққан пациенттерді емдеу бойынша семинар өтті.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында көпжарақатқа шалдыққан пациенттерді емдеу бойынша семинар өтті.
2025 жылғы қарашаның 26-сында өткен семинар түрлі бейін мамандарын – травматология, анестезиология және ультрадыбыстық диагностика саласының дәрігерлерін бір алаңға жинады. Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды.
Теориялық бөлім келесі тақырыптарды қамтыды:
– Көпжарақатқа шалдыққан пациентті жүргізудің заманауи қағидаттары және командалық тәсіл – Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университетінің травматология, ортопедия және әскери-дала хирургиясы кафедрасының профессоры Глеб Коробушкин.
– Damage Control Surgery тактикасы: мәні және қолданылуы – Александр Смоляр (Мәскеу).
– Хирургиялық тактиканы таңдау: Total Early Care, Damage Control және Safe Definitive Surgery – Глеб Коробушкин.
– Клиникалық жағдайларды талдау.
Теориялық бөлімнен кейін дәрігерлер жамбас сүйегін бастапқы тұрақтандыру тәсілдері, FAST хаттамасы және өзге де заманауи әдістер көрсетілген тәжірибелік шеберлік-сыныбына қатысты.
Семинар спикерлері біздің дәрігерлердің кәсіби деңгейіне, тәжірибесіне жоғары баға беріп, ҚЖШККА материалдық-техникалық жабдықталуына ризашылық білдірді.
«Аурухананың дәрігерлері кәсіби дайындық деңгейімен, тәжірибесімен және ұйымдасқан жұмысымен бізге зор әсер қалдырды. Аурухананың заманауи жабдықталуы көпжарақат бойынша озық емдеу әдістерін толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді», – деп атап өтті қонақтар.
ҚЖШККА №1, №2 травматология және ортопедия бөлімшелерінің меңгерушілері Медет Жанысов пен Сағит Маханов аурухана ұжымы атынан семинар спикерлеріне құнды білім мен тәжірибе бөліскені үшін алғыс білдірді.
«Біз өз біліктігімізді үнемі жетілдіріп, пациенттерімізге мүмкіндігінше жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетуді мақсат етеміз», – деп баса айтып өтті Сағит Маханов.
Аурухана әкімшілігі мұндай шаралар медициналық қызмет сапасын арттыруға және пациенттердің қауіпсіздігін күшейтуге елеулі үлес қосатынына сенімді.