ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесі: ми аневризмасын сәтті эмболизациялау

ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесі: ми аневризмасын сәтті эмболизациялау
Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінде алдыңғы қосылғыш артерияның қап тәрізді аневризмасының жарылуы салдарынан болған ауқымды субарахноидалды қан құйылу диагнозымен түскен 1962 жылы туған науқасқа жоғары дәлдіктегі рентгенэндоваскулярлық ота сәтті жасалды.
Мамандар аневризмаға рентгенэндоваскулярлық эмболизациялау әдісін қолданып, қайталама қан кетудің алдын алып, науқастың өмірін сақтап қалды.
Ота 60 минутқа созылып, еш асқынусыз өтті.
Науқастың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.
Отаны жасаған: Максим Аргумбаев
Ассистент: Дархан Жетпісбаев
Анестезиолог: Ринат Касенов
Оталық медбике: Эльмира Аюпова
Бұл жағдай ҚЖШККА нейрохирург мамандарының кәсіби біліктігі мен үйлесімді еңбегінің тағы бір дәлелі. Дәрігерлер ми тамырларының ең күрделі патологиясына ота жасап, күн сайын пациенттердің өмірін сақтап келеді.