Медицина қызметкерлері күні – 2025

Медицина қызметкерлері күні – 2025
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараны Мұрат Серкебаев атындағы Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрінің квартеті ашты.
Аурухана директоры Алмаз Джувашев ұжымды: «Медицина – жай ғана мамандық емес, бұл – өмір салты, жүрек таңдауы. Бүгін мен әрқайсыңызға төккен теріңіз, мызғымас табандылығыңыз бен адамгершілік қасиетіңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздер – біздің ауруханамыздың ғана емес, бүкіл қаланың денсаулық сақтау саласының мақтанышысыздар. Мереке құтты болсын, қадірлі әріптестер!», – деп шын жүректен құттықтады
Іс-шара барысында бірқатар қызметкер түрлі марапатқа ие болды, атап айтқанда:
– «Алтын Мұра» республикалық марапаттау ұйымы атынан «Денсаулық сақтау ісіндегі еңбегі үшін» төсбелгісімен:
Бексултанова Алма Кашиноровна – гинекология бөлімшесінің меңгерушісі,
Чжэн Виктор Сянович – физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі,
Туремуратова Алима Саматовна – сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі,
Абдуллаева Лаура Темирбековна – неврология бөлімшесінің меңгерушісі;
– Ұлттық Медициналық Қауымдастық атынан «Мамандығына адалдығы үшін» төсбелгісімен:
Джанкабаев Ануар Базарбаевич – нейрохирургия бөлімшесінің дәрігері,
Камалова Гулнар Тохтамуратовна – жан сақтау бөлімшесінің дәрігері,
Алмабаева Галия Жаксылыковна – ота жасау бөлімінің аға медбикесі;
– «Үздік маман» төсбелгісімен:
Балтабекова Гульнара Сериковна – бас бухгалтер,
Игембаев Максат Батырбекович – директордың экономика жөніндегі орынбасары,
Тышкевич Александр Константинович – асхана меңгерушісі;
– «Алтын дәрігер» төсбелгісімен:
Ли Константин Юрьевич – нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі;
– «Аурухананың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:
Утаганов Бакыт Кустаевич – директордың бірінші орынбасары;
– Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен:
Даниярова Ардак Мырзагазиновна – қабылдау бөлімінің медбикесі,
Бейсембиев Бакыт Тойбекович – жан сақтау бөлімінің дәрігері;
– «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен:
Аденова Гульжан Молдабековна – функционалды диагностика бөлімшесінің меңгерушісі,
Дуйсебеков Максат Кошкарович – хирургия бөлімшесінің меңгерушісі,
Есенбеков Нұрхат Бахытович – ота жасау бөлімшесінің меңгерушісі;
– «Aqniet» кәсіподағының Алғыс хатымен:
Қанат Ринат Қанатұлы – қабылдау бөлімінің мейіргері
марапатталды.
Сондай-ақ аурухана директорының атынан Алғыс хатқа тағы 36 қызметкер ие болды.
Концерттік бағдарламада «Ақниет» би тобы, ел сүйіспеншілігіне бөленген әншілер және аурухана қызметкерлері өнер көрсетті.
Эстрада жұлдыздары Ердоc Қанаев, Бахтияр Матназаров және Нұрлан Қонысбаев сахна төрінен медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, денсаулық сақтау саласының барлық өкіліне ыстық ықыласын білдірді. Артынша сахнаны ән мен күйге бөлеп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында ақ халатты абзал жандардың тек кәсіби біліктілігімен ғана емес, жан-жақты қырымен де ерекшеленетіні байқалды. Емдеу ісінде өз ісінің майталманы бола тұра, өнерге де жақын, спортта да жетістікке жеткен, елге танымал сахнада да өзін еркін ұстайтын Айнагүл Берік сияқты сегіз қырлы, бір сырлы медицина қызметкерлері – ұжым мақтанышы.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және баянды жетістіктер тілейміз!