2024 жылдың жұмыс қорытындылары шығарылды
Бүгін ШЖҚ “Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы” КМК 2024 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша жиналыс өтті. Оған аурухана қызметкерлері, кафедра мамандары және Бақылау кеңесінің өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, негізгі жетістіктер қарастырылды, сондай-ақ 2025 жылға арналған даму бағыттары анықталды.
Өткен жылдың маңызды жетістіктері:
– Ұлттық аккредитациядан сәтті өтіп, жоғары санатқа ие болдық!
– Жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді, бұл медициналық процестер мен қаржыны тиімді басқаруға, сондай-ақ құжат айналымын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
– Әр түрлі медицина салаларында ота жүргізу мүмкіндігі кеңейтілді.
Аталған өзгерістер пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.
2025 жылға жоспар:
– Медициналық қызметкерлердің жұмысын ыңғайлы ету үшін цифрлық жүйелерді жетілдіру;
– Бизнес-процестерді оңтайландыру үшін жаңа технологияны енгізу;
– Ауыр жағдайдың алдын алу мақсатында емханалармен өзара әрекеттестікті нығайту;
– Аурухананың қажеттілігіне сәйкес жаңа медициналық жабдық сатып алу;
– Навигациялық, байланыс және хабарландыру жүйелерін жаңарту.
Біз жоғары стандарттарға сай болу және сапалы медициналық көмек көрсету үшін жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз.
Жиналысқа қатысқан барша қатысушыларға конструктивті диалог пен медициналық көмекті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
![](https://gbsnp.kz/wp-content/uploads/2025/02/476080220_1199333798865960_56573630496671577_n.jpg)