(Русский) егодня, 11 января, во Всемирный день «спасибо»

Қаңтардың 11-і – Дүниежүзілік рақмет айту күні.
Бұл күн – алғыс айту, ризашылық білдіру және бір-бірімізді қолдаудың маңызын тағы бір еске салатын мереке. Осы орайда, біз ауруханамызға сенім артқан барша пациент пен олардың жақындарына шын жүректен алғыс білдіреміз.
Дүниежүзілік рақмет айту күні алғаш рет 1994 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО бастамасымен бекітіліп, қоғамдағы алғыс мәдениетін нығайту мақсатында атала бастады.
Дәрігерлер, медбикелер, пациенттер мен олардың жақындары – бәріміз бірлесіп қамқорлық пен өзара сыйластық атмосферасын қалыптастырамыз.
Әріптестерімізге – адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін рақмет!
Пациенттерімізге – біздің жұмысымызды бағалап, сенім білдіргені үшін мың алғыс!
Денсаулығыңыз мықты, күндеріңіз жақсылыққа толы болсын!
Құрметпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы