Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) нейрохирургия бөлімшесінде омыртқааралық дискісінің жарығын алып тастау бойынша шағын инвазивті ота жасалды.
Пациент, 40 жастағы ер адам, ауруханаға оң аяғындағы қатты ауырсынумен жүгінген.
МРТ нәтижесі бойынша пациентке L5-S1 дискінің жарығы диагнозы қойылды.
Емдеу үшін жарықты биопорталды-эндоскопиялық алып тастау заманауи әдісі қолданылды. Мұндай технология отаны екі кішкене тесу арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, тінге түсетін зақымды барынша азайтып, пациенттің жылдам қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Аталған тәсілдің арқасында пациент отадан кейін екі сағат өткен соң-ақ белсендіріліп, екі күннен кейін ауырсыну сезімінің регрессиясымен ауруханадан үйге шығарылды.
«Биопорталды-эндоскопиялық техниканы қолдану пациенттің ағзасына минималды әсер етіп, тамаша нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай ота қалпына келу уақытын едәуір қысқартып, асқыну ықтималдығын төмендетеді. Бұл әдіс оталық топтың жоғары біліктілігі мен қазіргі заманғы жабдықтың арқасында қолжетімді болып отыр», – деп атап өтті ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли.