Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарасаңында мерекеге орай салтанатты жиын өтті.

Аурухана директоры Джувашев Алмаз Болатұлы аурухана қызметкерлерін осы маңызды мерекемен құттықтап, әр қызметкердің денсаулық сақтау саласын дамытуға және қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге қосқан үлесін атап өтті.

Іс-шара барысында жоғары кәсібилігімен, өз ісіне адалдығымен және жұмыстағы жетістігімен ерекшеленген аурухана қызметкерлері атап өтілді.
Соның ішінде Aqniet кәсіподағының
Алғыс хатымен және аурухана директоры атынан алғыс хатымен 50-ге жуық қызметкер марапатталса, Aqniet кәсіподағының төсбелгісімен
Каирбаев Ергали Кажуович марапатталды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен Раимжанова Рано Юсуповна, Алматы қаласы әкімінің орынбасары атынан алғыс хатпен Қосбармакова Гүлжанат Ерланқызы және Алмалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен Жамашев Дармен Куатович пен
Чжэн Виктор Сянович марапатталды.

Құттықтаймыз!

Іс-шара барысында аурухана қызметкерлері 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алды. Бұл естеліктер әрқайсымыз үшін тәуелсіздіктің маңызын айқындай түсті.

Салтанатты жиында «Дервиши» тобы өнер көрсетіп, жиналғандарға ұмытылмас музыкалық сәт сыйлады.
Сонымен қатар сахнаға аурухана қызметкерінің ұлы, халықаралық байқау жеңімпазы Чжэн Илья Викторович шықты. Оның өнер көрсетуі кештің шынайы сәніне айналып, көрермендерге зор эмоция сыйлады.

Алматы Қалалық шұғыл көмек көрсету қалалық ауруханасы барша қазақстандықты Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!