«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комиссиясының шешімі негізінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына аккредиттеу туралы куәлік берілді.
Біздің аурухана аккредиттеу комиссиясының 2024 жылғы қарашаның 18-індегі №170 бұйрығына сәйкес біздің аурухана ЖОҒАРЫ санат беріліп, 3 жыл мерзімге аккредиттелген болып танылды!
Бұл куәлік біздің аурухананың қызметі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы жоғары аккредиттеу стандарттарына сәйкес келетінін растайды.
Біз сапалы медициналық көмек көрсетуді және пациенттеріміздің денсаулығына қамқорлық көрсетуді мақтан тұтамыз.
Барлық қызметкер, олардың жұмысы мен адалдығы үшін көп рахмет!
Бірге қоғамымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде жаңа биіктерге ұмтылуды одан әрі жалғастырамыз!