Қазанның 16-сы – Дүниежүзілік анестезиолог күні!

Қазанның 16-сы – Дүниежүзілік анестезиолог күні!
Бұл күні әлем медицинадағы анестезиолог атаулының маңызды рөлін атап өтеді.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында хирургиялық араласу кезінде және одан кейінгі уақытта пациенттің қауіпсіздігі мен жайлылығын 24/7 қамтамасыз ететін Бердалина Гүлнар Садырбекқызы басқаратын анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің (АРҚТБ) кәсіби мамандар командасын мақтан тұтамыз.
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі – ауруханамыздың жүрегі. Онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, олар:
• қазіргі заманғы анестезия әдістерін қолдана отырып, ота мен түрлі процедуралардың ауыртпалықсыз өтуін қамтамасыз етеді;
• ота барысында пациенттің өмірлік маңызды белгілерін бақылап тұрады;
• асқынудың алдын алуға және анестезиядан кейін қалпына келуге көмектеседі;
• алдыңғы қатарлы технология мен емдеу хаттамаларын қолдана отырып, ауыр науқастарға көмек көрсетеді.
АРҚТБ жұмысы бүкіл аурухана үшін үлкен маңызға ие. Біз әр пациенттің жағдайы бірегей екенін түсінеміз және біздің мақсатымыз емдеудің әр кезеңінде барыншп қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Анестезиолог-реаниматолог және медбике тобының үйлесімді жұмысының арқасында біз жоғары сапалы медициналық көмекке кепілдік бере аламыз.
Біз АРҚТБ барлық қызметкеріне олардың жұмысы, адалдығы және кәсібилігі үшін шынайы алғыс білдіреміз.
Анестезиолог күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы